Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Уақытша ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы 1994 жылғы 16 мамыр N 1699. Күшін жойды - ҚР Президентінің 2001.03.26. N 575 жарлығымен. ~U010575

      Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының қызметтiк-

жауынгерлiк қызметiнiң құқылық негiздерiн айқындау мақсатында
қаулы етемiн:
     1. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы
уақытша ереже бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/.
     2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан 
Республикасының Республикалық ұланының Уақытша ережесi мен санын
бекiту туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы N 807 қаулысының күшi 
жойылған деп танылсын. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     

                                 Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                                       1994 жылғы 16 мамырдағы
                                          N 1699 қаулысымен                
                                             бекiтiлген

                 Қазақстан Республикасының Республикалық
                              ұланы туралы
                              УАҚЫТША ЕРЕЖЕ 
     


      Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" 1992 жылғы 16 наурыздағы Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын дамыту тұжырымдамасы туралы" 1993 жылғы 7 желтоқсандағы N 1440 қаулысына сәйкес әзiрленген.
      Ереже Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының /бұдан әрi - Республикалық ұлан/ мақсатын, оның мiндеттерi мен құқықтарын, жасақтау және әскери қызметтi атқару тәртiбiн, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етiлуiн айқындайды.

               1-ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Республикалық ұлан Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес республикадағы мемлекеттiк және қоғамдық қауiпсiздiктiң қорғалуын және құқықтық тәртiптiң сақталуын жүзеге асырады.
      Жалпы мемлекеттiк мәнi бар рәсiмдiк жоралғыларды, сондай-ақ хаттамалық және дипломатиялық шараларды орындауға қатысады.
      2. Республикалық ұлан Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес құрылған және Қазақстан Республикасының Президентiне бағынатын, жеке, ерекше мәртебесi бар әскери құрама және соғыс кезiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң резервi болып табылады. Ұланды тiкелей басқару Республикалық ұланның Қолбасшысына жүктеледi.
      3. Республикалық ұлан өзiне жүктелген мiндеттердi iшкi iстер мен мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарымен, iшкi және шекара әскерлерiмен, ал төтенше жағдайларда мiндеттер орындаған кезде - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерiмен тығыз iс-қимыл жасай отырып атқарады.
      4. Республикалық ұлан ұйымдық жағынан Қолбасшының Басқармасынан, күшейтiлген бригададан, кiшi мамандарды даярлау мектебiнен және қамтамасыз ету мен қызмет көрсету бөлiмдерiнен құралады.
      5. Республикалық ұланның санын Қазақстан Республикасының Президентi мақсаты мен орындайтын мiндеттерiн ескере отырып белгiлейдi және ол қалыптасқан жағдайға қарай өзгерiп тұруы мүмкiн.
      6. Республикалық ұланның соғыс кезiндегi құрамы мен мiндеттерiн республикалық қорғаныс туралы заң актiлерi және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      7. Республикалық ұланда әскери қызмет атқару тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, қолданылып жүрген заңдарымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларының талаптарымен айқындалады.
      Ұланның жеке құрамына айырым белгiсi берiледi.
      8. Республикалық ұланның тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз етудiң және қызмет атқаруының аса маңызды мәселелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шешедi.
      9. Қосалқы қызметтердiң жұмысын қамтамасыз ету үшiн Республикалық ұланға жай азаматтар Қазақстан Республикасының еңбек туралы Заңдарымен белгiленген тәртiппен қабылданады.
      10. Республикалық ұланда заңдардың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры әскери прокуратураның бағынысты органдары арқылы жүзеге асырады.

          2-ТАРАУ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛАННЫҢ МIНДЕТТЕРI МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ

      11. Алдына қойылған мақсатына сәйкес Республикалық ұлан мынадай мiндеттердi орындайды:
      - республиканың жоғарғы мемлекеттiк өкiметi мен басқару органдарын, республика аумағында және одан тыс жерлерде Президенттiң, Вице-Президенттiң, парламент пен үкiмет басшыларының көлiк құралдарын қорғайды;
      - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жалауы мен Мемлекеттiк елтаңбасының эталондарын күзетедi;
      - Қазақстан Республикасының Үкiметi тiзбесiн бекiтетiн аса маңызды объектiлердi күзетедi;
      - шет мемлекеттер басшыларын қарсы алып, шығарып салған кезде, Қазақстан Республикасының мерекелерi мен салтанаттарында салтанатты жоралғыларды атқарады;
      - егер құқық бұзушылық мемлекеттiк және қоғамдық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн болса, онда осы құқық бұзушылықты тыюға қатысады;
      - егер Қазақстан Республикасының аумағында Конституцияға қарсы сипаттағы қарулы және өзге әрекеттер жасалатын болса, оларға жол бермейдi;
      - төтенше жағдай режимi кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шараларды жүзеге асырады.
      12. Республикалық ұланға жүктелген мiндеттердi орындаған кезде:
      азаматтар мен лауазымды адамдардан Республикалық ұланның өз мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн құқыққа қарсы iс-әрекеттерiн тоқтатуды талап ету, ал бұл талаптарды орындамаған жағдайда осы заңда көзделген мәжбүр ету шараларын қолдану;
      күзетiлетiн объектiлерге жiберерде азаматтар мен лауазымды адамдардан жеке басын куәландыратын құжаттарды талап ету;
      күзетiлетiн объектiлерге қол сұғуына байланысты тәртiп бұзған адамдарды ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарына тапсыру үшiн ұстау;
      Республикалық ұлан күзететiн объектiлерде көлiк құралдары мен тасымалдаудағы жүктерге тексеру жүргiзу;
      осы Заңда көзделген тәртiп пен жағдайларда қару, әскери техника қолдану, арнаулы құралдар мен қызмет иттерiн пайдалану;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қару-жарақ, арнаулы құралдар және техника алу құқығы берiледi.
      Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi мiндеттерiн атқару кезiнде қолданылуы осы Заңмен айқындалатын табельдiк арнайы құралдар мен қаруды сақтауға және алып жүруге құқылы.
      13. Республикалық ұлан Қолбасшысына:
      - Республикалық ұланға тiкелей басшылықты жүзеге асыру;
      - Республикалық ұланды ұдайы әскери дайындықта ұстау;
      - ұланның қызметтiк-әскери қызметiне, оперативтiк және әскери даярлығына басшылық жасау, озат тәжiрибенi енгiзу, материалдық базаны дамытып, жеке құрам үшiн қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасау;
      - Республикалық ұланды ұйымдастыру мен оның құрылымы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеп, ұйымдық шаралар жүргiзу;
      - Республикалық ұланды әскери қызметшiлермен шақыру арқылы және контракт бойынша жасақтау жоспарын әзiрлеу жүктеледi.
      Республикалық ұланның Қолбасшысы:
      - Республикалық ұлан Қолбасшының Басқармасы мен құрамаларының штаттарын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiту үшiн табыс етедi;
      - Республикалық ұлан офицерлерiнiң қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қызмет атқару мәселелерiн шешедi, құрама командирiнiң орынбасарына дейiнгi лауазымға тағайындайды, оларға полковникке дейiн әскери атақтар бередi, запасқа немесе отставкаға шығарады. Офицер құрамының адамдарын батальондар командирлерiнiң және бригада командирiнiң орынбасарларының лауазымдарына тағайындау, сондай-ақ оларды әскери қызметтен босату Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының келiсiмiмен жүзеге асырылады;
      - ұланның әскери қызметшiлерiн, жұмысшылары мен қызметшiлерiн мемлекеттiк наградаларға ұсынады;
      - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ұланның қарулануы /жабдықталуы/ үшiн әскери және өзге де техника мен мүлiктi қабылдап алады, материалдық құндылықтар мен ақшалай қаражатын есептен шығарады;
      - Республикалық ұланда қызмет етуге /жұмыс iстеуге/ ынталандыру сипаты бар ақшалай үлестiң /жалақының/ үстеме түрлерiнiң бюджеттен бөлiнген қаржы шегiндегi мөлшерi мен төлеу тәртiбiн белгiлейдi. Әскери қызметшiлерге, жұмысшылар мен қызметшiлерге бiр жолғы ақшалай жәрдем көрсетедi;
      - бұйрықтар, директивалар шығарады, ұланның әскери және арнайы даярлығының жоспарларын, бағдарламаларын, сондай-ақ нұсқаулар мен ережелердi бекiтедi.
      Республикалық ұланның Қолбасшысы Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiне қолданылып жүрген заңдарда көзделген ретпен тәртiптiк билiктi қолдана алады.

               3-ТАРАУ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҰЛАНДЫ ЖАСАҚТАУ, ӘСКЕРИ
                            ҚЫЗМЕТШiЛЕРДIҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ
                                  АТҚАРУ ТӘРТIБI

      14. Республикалық ұлан қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарынан жасақталады.
      Оның үстiне Республикалық ұланды офицерлермен, прапорщиктермен /мичмандармен/, сержанттармен және солдаттармен жасақтау нормативтiк актiлермен белгiленген тәртiппен контракт бойынша ерiктi негiзде, сондай-ақ Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң кадрлары есебiнен жүзеге асырылады.
      Азаматтарды Республикалық ұланда мерзiмдi әскери қызмет атқаруға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Республикалық ұланға қойылатын талаптарға сәйкес шақырады.
      15. Әуе-десант әскерлерiнде, теңiз жаяу әскерлерi мен арнаулы мақсатқа пайдаланылатын бөлiмдерде қызмет атқарып жүрген немесе бұрын қызмет атқарған, денсаулығы мықты және бойы 175 сантиметрден кем емес офицер құрамының адамдарына, прапорщиктерге /мичмандарға/, сержанттарға /старшиналарға/, солдаттарға Республикалық ұланға алдымен алыну құқы берiледi.
      16. Республикалық ұланды жасақтаудың жай-күйi мен сапасы, онда қызмет атқару үшiн кәсiптiк-психологиялық таңдауды ұйымдастыру, жаңадан келген жастарды бөлiмшелерге бөлу, әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi дер кезiнде және ұйымдасқан түрде босату Республикалық ұланның Қолбасшысына жүктеледi.
      17. Республикалық ұланда әскери қызмет атқарған әскери қызметшiлер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери қызмет атқарған болып саналады.
      18. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының офицер құрамына атқарып жүрген лауазымына қарай әскери атақтар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi осындай лауазымдар жөнiнде көзделген әскери атақтардан бiр саты жоғары белгiленедi.
      19. Әскери қызметтi контракт бойынша атқарып жүрген офицер

құрамының адамдарына, прапорщиктерге, солдаттарға, сержанттарға,
старшиналарға кезектi демалыс:
     а/ Республикалық ұланда 10 күнтiзбелiк жылға дейiн қызмет
атқарғандарға - жыл сайын 35 тәулiктiк мерзiмге;
     ә/ Республикалық ұланда 10 жылдан астам қызмет атқарғандарға -
жыл сайын 45 тәулiктiк мерзiмге берiледi.
     20. Республикалық ұланға офицерлер даярлау Қазақстан 
Республикасының және басқа мемлекеттердiң жоғары оқу, әскери-оқу
орындарында жүргiзiледi.
     Прапорщиктер, сержанттар /старшиналар/ және маман-жауынгерлер
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң оқу бөлiмдерiнде даярланады.

        4-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ                   
                        
                 ҰЛАНЫНЫҢ ӘСКЕР ШАРУАШЫЛЫҒЫН МАТЕРИАЛДЫҚ-
                 ТЕХНИКАЛЫҚ, ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ
                             ЕТУ, ҰЙЫМДАСТЫРУ

                     I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
     


      21. Әскер шаруашылығын Республикалық ұланның Қолбасшысы ұйымдастырады және оны өзiнiң орынбасарлары мен қызмет бастықтары арқылы басқарады.
      22. Әскер шаруашылығын ұйымдастыру, қару-жарақты, техниканы, мүлiктi және басқа материалдық құралдарды есептеу мәселелерi жөнiнде Республикалық ұланның лауазым иелерi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскер /кеме/ шаруашылығы туралы ережесiн басшылыққа алады.
      23. Республикалық ұланды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн өнiм сатып алу мен берiп тұрудың, жұмыстары /қызметтердi/ атқару тәртiбi туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы N 58 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
      Жергiлiктi атқарушы органдар Республикалық ұланның құрамаларына әскери қалашықтар, үй-жайлар мен ғимараттар үшiн, атыс алаңдарын, оқу орталықтарын жасақтау, қосалқы шаруашылықтар құру және басқа да объектiлер үшiн Қазақстан Республикасының жер пайдалану заңдарына сәйкес құқығын бекiтiп, жер учаскелерiн бөлiп бередi.
      Әскери құрамаларды орналастыру үшiн пайдаланылатын әскери қалашықтар, үй-жайлар мен ғимараттар салу, оларды күрделi жөндеуден өткiзiп, коммуналдық қызмет көрсету iсi Республикалық ұланға бөлiнген бюджет қаржылары есебiнен жүргiзiледi.
      Тапсырмаларды орындау мақсатында облыстар аумақтарында уақытша жүрген ұлан құрамалары жайғасып орналасу үшiн тұрғын үймен, коммуналдық қызметпен, байланыс жүйелерiмен және арналарымен, автокөлiкпен, жағар және жанар маймен, қосымша тағаммен республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржы есебiнен қамтамасыз етiледi.
      24. Үй-жайларды, ғимараттарды, коммуналдық шаруашылықты, тұрғын және қызмет үйлерiн, инженерлiк желiлер мен коммуникацияларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, күтiп ұстау және жөндеу, жеке құрамның қызметтiк және мәдени-тұрмыстық қажетi үшiн жиhаз бен құрал-сайман сатып алу iсiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери сауда басқармасы мен республикалық сауда- жабдықтау органдары мақсатқа сай жүзеге асырады.

              II. АВТОТЕХНИКАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      25. Республикалық ұланның лауазымды адамдары автотехникамен

қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қарулы Күштердiң Автомобиль
қызметi жөнiндегi нұсқамасын басшылыққа алады.
     26. Машиналарды пайдалануды жақсарту және пайдаланған кезде
мемлекеттiк қаржы жұмсалуын айқындау мақсатында Қазақстан 
Республикасының Үкiметi бекiткен автомобиль техникасының 
моторесурстарын жұмсаудың жылдық нормасы белгiленедi.
     Моторесурстарды жұмсауды негiзгi жылдық нормалары бiр машинаға
былайша белгiленедi:
__________________________________________________________________________
Машиналардың түрi,         |       Пайдалану топтары 
моторесурстардың           |______________________________________________ 
                              
өлшем бiрлiгi              | әскери | саптық | көлiктiк | оқу-жаттығу
__________________________________________________________________________
Автомобильдер
жеңiл, км                      -        -       30000       24000
жүк, км                       2000     3000     30000       24000
арнаулы, км                   2000     3000      7000       16000
      олардың iшiнде:
жолаушылар таситын
автобустар мен шағын
автобустар, су және азық-
түлiк таситын автомобильдер,
авторефрижераторлар             -        -       36000
___________________________________________________________________________
     Қалған техникаға моторесурстар жұмсаудың жылдық нормасын 
айқындаған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң бұйрығы
басшылыққа алынсын.

     III. ЖАНАР-ЖАҒАР МАТЕРИАЛДАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

     27. Жанар-жағар материалдармен қамтамасыз ету Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерiн жанар-жағар материалдармен қамтамасыз
ету туралы ережеге сәйкес ұйымдастырылады. Жанар-жағар материалдар
мен арнаулы сұйықтарды жұмсау нормасы Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерiнiң қолданылып жүрген нормативтiк актiлерiне сәйкес
белгiленедi.
   
              IV. АЗЫҚ-ТҮЛIКПЕН ЖАБДЫҚТАУ    

     28. Республикалық ұланның жеке-құрамын азық-түлiкпен жабдықтау
Қарулы Күштердi бейбiт уақытта азық-түлiкпен қамтамасыз ету туралы
ережеге сәйкес солдаттар, сержанттар, прапорщиктер мен офицерлер
үшiн бiрыңғай норма бойынша ұйымдастырылып, осы норма бойынша 
отбасы мүшелерiн есепке алмай азық-түлiк үлесi ай сайын берiлiп
отырады:
     құрғақ тағам      - N 10 норма бойынша
     негiзгi тағам     - N 1 норма бойынша, тәулiгiне қосымша:
                         ет - 15 г 
                         жартылай қақталғаны  -  50 г.
                         iрiмшiк - 25 г.  
                         кофе сусыны  -  2 г.
                         қойылтылған сүт  -  20 г.

          V. КИIМ-КЕШЕК ЖӘНЕ МОНША-КIР ЖУУ ҚЫЗМЕТIМЕН 
                      ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 
     


      29. Жеке құрамды киiм-кешекпен және монша-кiр жуу қызметiмен қамтамасыз ету Қарулы Күштердiң нормаларына қарай ұйымдастырылады: N 1 - солдаттар мен сержанттар үшiн; N 21 - жылы киiм-кешекпен, жабдықпен және төсек-орынмен жабдықтау; N 22 - жауынгерлiк машиналардың экипажы үшiн; N 23 - автомобиль техникасына қызмет көрсететiн жеке құрам үшiн; N 27 - күзет киiмiмен жабдықтау; N 28 - санитарлық-шаруашылық мүлкiмен жабдықтау; N 40 - әуе-десант әскерлерiнiң жеке құрамын жазғы жабдықпен жабдықтау; N 54 - азық- түлiк қызметiнде жұмыста жүрген жеке құрам үшiн; N 55 - түрлi жұмыстарды атқаруға арналған арнаулы киiммен жабдықтау; N 63,64 - арнаулы жабдықпен жабдықтау; N 66 - құрметтi қарауыл роталарының әскери қызметшiлерiн киiмнiң ерекше парадтық нысанының жабдығымен

жабдықтау.
     30. Құрметтi қарауыл ротасы мен оркестрдiң қатардағы және
сержанттық құрамына кiшi офицер құрамына берiлуге тиiстi матаның
сапасына қарай жабдық берiледi.
     31. Республикалық ұланның Қазақстан Республикасының Президентi
бекiткен өз нысаны мен айырым белгiлерi болады.
     32. Республикалық ұланның жеңiне тағатын белгiсi барлық әскери
қызметшiлер үшiн парадтық-мерекелiк, күнделiктi, жорықта киетiн және
арнаулы жабдығының сол қол жақтағы жеңiнiң сырт жағына тағып жүру
үшiн белгiленген.
     33. Спорт мүкаммалымен, мүлкiмен және жабдығымен Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерiнде көзделген нормаларға сәйкес
қамтамасыз етiледi.

     VI. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ЖӘНЕ КАЗАРМАЛЫҚ МҮКАММАЛМЕН
                    ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 
     


      34. Республикалық ұланды жиhазбен және казармалық мүкаммалмен қамтамасыз ету республикалық сауда-жабдықтау органдары арқылы Қарулы Күштер үшiн белгiленген нормалар бойынша ұйымдастырылады.
      35. Мерзiмдi әскери қызметке шақырылған ұланның қатардағы және сержанттық құрамы қызмет атқару мерзiмi кезiнде жатақхана түрiндегi үйлерде тұрады.
      36. Офицер құрамы, прапорщиктер, мерзiмiнен тыс әскери қызметшiлер, контракт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшiлер және әйел әскери қызметшiлер тұрғын үймен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қамтамасыз етiледi.

      VII. САУДА-ТҰРМЫСТЫҚ ҚЫЗМЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      37. Республикалық ұланның жеке құрамы мен олардың отбасы мүшелерiн сауда-тұрмыстық қызметпен республикалық Сауда министрлiгi және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери сауда басқармасы әскери қалашықтар аумағында тұрғызылған сауда-тұрмыстық кешендер арқылы ұйымдастырады.

               VIII. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      38. Республикалық ұланның жеке құрамын медициналық қызметпен қамтамасыз ету, медициналық мүлiкпен және дәрi-дәрмекпен жабдықтау iсiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi жүзеге асырады. Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiне арнаулы медициналық жәрдем көрсету 141-гарнизондық емхана, 1226-әскери госпиталь және республика Iшкi iстер министрлiгiнiң госпиталi арқылы ұйымдастырылады.

               IХ. ҚАРЖЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      39. Республикалық ұланның оперативтi-қызмет атқаруға, жауынгерлiк әзiрлiк жүргiзуiне, жеке құрамды ақша қаражатымен қамтамасыз етуге, техника мен қару-жарақты пайдалану мен жөндеуге, шаруашылық, мәдени және басқа қызмет көрсетуге керек қаржыға деген қажетi белгiленген тәртiппен бекiтiлген сметаға сәйкес қанағаттандырылады. Республикалық ұлан бюджеттен бөлiнген қаржы есебiнен қаржыландырылады.
      40. Ұланның әскери қызметшiлерi үшiн лауазымдық жалақылар мен әскери атағына қарай жалақылар былайша белгiленедi:
      офицер құрамының адамдарына үлгiлiк лауазымдар бойынша белгiленген лауазымдық жалақылардан 20 процент жоғары;
      прапорщиктер мен әйел әскери қызметшiлерге, әскери қызметтi контракт бойынша атқаратын әскери қызметшiлерге тарифтiк разрядтар бойынша белгiленген лауазымдық жалақылардан 30 процент жоғары;
      мерзiмдi қызметтегi солдаттарға, сержанттар мен старшиналарға ақшалай жалақы екi есе көбейтiледi.
      әскери қызметтi контракт бойынша атқаратын офицер құрамының адамдарына, прапорщиктерге, солдаттарға, сержанттар мен старшиналарға - әскери атағы бойынша белгiленген жалақылардан 10 процент жоғары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады