Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қаңтардағы № 17 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 26 қаңтарда № 9736 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 21.05.2024 № 141 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 21.05.2024 № 141 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Жітіқара ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 3 шілдедегі № 145 қаулысының (2020 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9309 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жітіқара ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі А. Ибраев

  Жітіқара ауданы әкімдігінің
  2021 жылғы 25 қаңтардағы
  № 17 қаулысына
  қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 21.05.2024 № 141 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;

      2) кітапханашы;

      3) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      4) ұжым (үйірме) басшысы;

      5) қазақ, ағылшын тілдерінің мұғалімдері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады