Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi мен Қазақ ССР-нiң Агроөнеркәсiп кешенi жүйесi үйлестiру кеңесiнiң ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1991 жылғы 23-тамыз N 485. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.05.10. N 631 қаулысымен.

 


     Қазақ ССР Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

     Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi ұсынып,

республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен

келiсiлген, Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi

мен Қазақ ССР-нiң Агроөнеркәсiп кешенi жүйесi үйлестiру кеңесiнiң

осыған қосылған ережелерi бекiтiлсiн.


                Қазақ ССР

            Премьер-министрi


                Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң

                 1991 жылғы 23-тамыздағы N485

                      қаулысымен

                      БЕКIТIЛГЕН

               Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы және

                азық-түлiк министрлiгi туралы

                          ЕРЕЖЕ


 
       1. Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi агроөнеркәсiп өндiрiсiн дамыту мен халықты азық-түлiкпен қамтамасыз етудi мемлекеттiк басқарудың республикалық органы болып табылады және ол Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң құрамына кiредi.
      2. Министрлiк өз қызметiн Қазақ ССР Заңдарына, Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң өзге де шешiмдерiне, Қазақ ССР Президентiнiң жарлықтарына, Қазақ ССР Үкiметiнiң, Қазақ ССР-нiң Агроөнеркәсiп кешенi жүйесi үлестiру кеңесiнiң шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырады және қарамағындағы бiрлестiктердiң, ассоциациялардың, концерндердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ ауыл шаруашылық кооперативтерiнiң, шаруа қожалықтарының және олардың одақтарының қазiргi заңдарды дұрыс қолдануын бақылауды қамтамасыз етедi.
      3. Министрлiк дамып келе жатқан нарықтық қатынастармен басқарудың экономикалық әдiстерi жағдайында республиканың халқын тамақ өнiмдерiмен, ал өнеркәсiптi шикiзатпен қанағаттандыру, ауыл шаруашылық шикiзаттары мен оларды ұқсатудан алынған өнiмдердi берiп тұрудың облыстық, республикааралық, одақтық шарттық мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi iс-қимылды үйлестiру мақсатында мыналарды қамтамасыз етедi:
      одақтық, республикалық қорларға және жергiлiктi тұтынуға ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрумен берiп тұруды ынталандырудың кешендi шараларын жүзеге асырады;
      дайындау ұйымдарымен бiрлесе отырып сатып алудың негiзгi принциптерiн әзiрлейдi, мемлекеттiк тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және оның немесе тұтынушыларға азық-түлiк пен ауыл шаруашылық шикiзатын мiндеттi түрде берiп тұру мен өткiзудiң өзге де формаларының орындалуын бақылайды;
      агроөнеркәсiп кешенiнiң әлеуметтiк және өндiрiстiк дамуының мемлекеттiк бағдарламаларын жасап, жүзеге асырады, ағымдарға талдау жасайды, Министрлiк жүйесiндегi салалардың даму келешегiн болжамдап, анықтайды;
      селодағы экономикалық қатынастарды жетiлдiредi;
      меншiктiң және шаруашылықты жүргiзудiң әр алуан формаларын, кәсiпорындар мен мекемелердi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiруге, нарықтық инфрақұрылымды және нарықтық үлгiдегi ұйымдық, құрылымдарды дамытуға жәрдемдеседi;
      агроөнеркәсiп кешенiнде бәсекелестiк пен кәсiпкерлiк жағдайын ынталандырады;
      ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң бағасын түзу механизмiн жасайды;
      өндiрiстiк және әлеуметтiк даму бағдарламасына сәйкес жүйенiң кәсiпорындары мен ұйымдарын қаржыландыруды және ұтымды түрде кредиттеудi ұйымдастырады;
      бухгалтерлiк есеп пен есеп берудi және бақылау-тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, жетiлдiредi;
      тұтынушылардың тракторлар, комбайндар, автомобильдер, жабдықтар, ауыл шаруашылық машиналары, отын және басқа материалдық ресурстарға деген қажетiн болжамдауды жабдықтау органдарымен бiрлесiп әзiрлейдi;
      ауыл шаруашылығының техникалық-энергетикалық саясатын және оның сервистiк қызмет көрсетуiн анықтау жұмысын үйлестiредi;
      тиiмдi технологиялық, техникалық және инвестициялық саясат жүргiзедi;
      бiлiктi кадрлар даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастырады, оқу орындарына басшылық етедi;
      ғылыми-техникалық прогрестi насихаттайды және оның жеделдетiлуін ынталандырады, ғылым, техника жетiстiктерi мен озық тәжiрибенiң енгiзiлуiн қамтамасыз етедi;
      өндiрiстiк және әлеуметтiк мақсаттағы объектiлердi жобалау мен салуда бiрыңғай техникалық саясатты үйлестiредi;
      жердi мелиорациялауда және iшкi шаруашылық суландыру жүйелерiн пайдалануда тиiмдi саясатты жүзеге асырады;
      ауыл шаруашылық дақылдарының, мал мен құстың селекциясы және тұқым өсiру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi;
      агроөнеркәсiп кешенi жүйесiнде жердi пайдалану және жерге орналастыру негiздерiн жетiлдiредi;
      Министрлiктiң ауыл шаруашылығы және ұқсатушы салаларының өнiмiн сараптауды, оның сапасын, өсiмдiк карантинiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады, малдәрiгерлiк және тұқымдық қадағалауды, сондай-ақ машиналар мен жабдықтарды, кешендi мелиорациялық құрылыстың техникалық жағдайын, еңбектi қорғау ережелерi мен техника қауіпсiздiгiн қадағалауды қамтамасыз етедi;
      Кәсiпорындардың, ұйымдардың, бiрлестiктердiң, кооперативтердiң, шаруа қожалықтары мен жалгерлер ұйымдарының мүдделерi мен праволарын қорғайды;
      қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың және агроөнеркәсiп құрамаларының өндiрiстiк және қаржы-шаруашылық қызметiн реттейтiн заң актiлерiн сақтауын бақылауды ұйымдастырады;
      ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң сыртқы және iшкi нарқын зерттейдi, шетелдермен сыртқы экономикалық байланысты дамытады.
      4. Министрлiк өз жұмысын республиканың агроөнеркәсiп кешенiне кiретiн министрлiктерiмен және ведомстволарымен, сондай-ақ Қазақ ССР Шаруалар одағымен, Қазақ ССР Колхоздар кеңесiмен, Шаруа қожалықтары ассоциациясымен, Қазақстанның жалгерлерiмен, ауыл шаруашылық кооперативтерiмен және Қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясымен тығыз байланысып жүзеге асырады.
      5. Министрлiк негiзгi мiндеттерiне сүйенiп:
      ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң облыстар бойынша орналастырылуын болжамдап, контракт шарттары жасалуын ұйымдастырады, бүкiлодақтық және республикалық қор мен жергiлiктi тұтынуға өнiм берiлiп тұруын қамтамсыз етедi;
      ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру мен дайындау, оның сапасын жақсартып, ысырабын қысқартуды ынталандыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
      нарықты, нарықтық инфрақұрылымды реттеудiң механизмiн және ауыл шаруашылығы салаларында барлық товар өндiрушiлер үшiн тең экономикалық жағдай жасауға жәрдемдеседi;
      нарық конъюнктурасы жайында уақтылы әрi дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етедi, экономиканың аграрлық секторында бәсекелестiк пен кәсiпкерлiктiң дамытылуын ынталандырады;
      азық-түлiкпен қамтамасыз ету, шикiзат, материалдық-техникалық және қаржы ресурстарының балансын жасайды;
      ғылыми-техникалық прогрестiң негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жолдарын белгiлеп, ғылым мен техникалық жетiстiктерiн өндiрiске енгiзудi ынталандырады;
      азық-түлiктi молайту бағдарламасын жасап, республиканың әр бiр аймағының өндiрiстiк потенциалы мен мүмкiндiктерi ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етедi;
      ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшiн орталықтандырылып бөлiнетiн материалдық-техникалық ресурстар лимиттерiнiң қорын иеленушi болып табылады;
      шаруашылық жүргiзудiң көнукладтылығын, меншiктiң, әр түрлi формаларын (кооператив, жалгерлiк, шаруалық және нарық үлгiсiндегi басқа да құрылымдарды) дамытуды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады;
      мелиорацияны дамытудың бас схемалакөпукладтылығынрының негiзiнде мелиорациялық құрылыстың күрделi қаржы және құрылыс-монтаж жұмыстарының лимиттерiн, суландыратын жерлердi iске қосудың, оны кешендi түрде қайта құру көлемiн анықтайды;
      өндiрiс пен қаржы мәселелерi жөнiндегi қажеттi құжаттарды, стандарттарды, нормалар мен нормативтердi әзiрлеуге, жетiлдiруге және агроөнеркәсiп өндiрiсiн осылармен қамтамасыз етуге қатысады;
      бюджеттен бөлiнген қаржыларды пайдалану бағыттарына сәйкес қарамағындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер арасында бөледi;
      қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың келiсуiмен сақтық қорын, қаржы резервiн және қорлар құрайды;
      жиынтық бухгалтерлiк есептердi жасайды және оларды тиiстi органдарға табыс етедi;
      республикада жерлердiң мелиорациялану жай-күйiн және суландырылған жерлердiң тиiмдi пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
      баға түзудi жетiлдiру шараларын әзiрлейдi және салааралық айырбастың эквиваленттiлiгiн және ауыл шаруашылығының өнiмдерi мен оған берiлiп тұратын материалдық-техникалық ресурстардың бағасы тең болуын бақылауды жүзеге асырады;
      жердi пайдалану мен жерге орналастыру, мелиорациялау және химияландыру, тұқым шаруашылығы мен көшеттік шаруашылығы, сорт сынау, тұқым асылдандыру iсi, қорғаныш ормандарын жасау саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат жүргiзедi;
      малдәрiгерлiк, карантиндiк, праволық және басқа мемлекеттiк қызметтер жұмысын үйлестiредi;
      меншiктiң барлық формаларындағы ауыл шаруашылық өндiрiсiнде механизацияны, энергетиканы, транспорт пен байланысты дамыту жөнiнде техникалық саясатты жүзеге асырады;
      село тұрғындарын әлеуметтiк қорғау, агроөнеркәсiп өндiрiсiнде еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгi шараларын әзiрлеп, жүзеге асырады;
      инвестиция саясатын, өндiрiстiк, мелиоративтiк және әлеуметтiк объектiлердi жобалауға ғылыми және методикалық басшылық етудi жүзеге асырады, типтiк және эксперименттiк құрылыстардың жобасын бекiтудi сараптап, бекiтедi;
      кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн көтерудi бiрыңғай мемлекеттiк талаптар негiзiнде оқу орындарына методикалық басшылықты, басқару лауазымдарын алмастырудың тиiмдi механизмдерiн пысықтауды ұйымдастырады;
      жергiлiктi жерлерде қажеттi ұйымдастырушылық, экономикалық және праволық көмек көрсетедi;
      кәсiпорындарды ғылыми, жобалау, жобалау-технологиялық және қарамағындағы басқа да мекемелер мен ұйымдарды белгiленген тәртiппен құру, қайта ұйымдастыру, тарату және беру мәселелерiн шешедi;
      ассоциациялардың, кәсiпорындардың, соның iшiнде шетел фирмаларының қатысуымен құрылатын бiрлескен кәсiпорындардың құрылтайшысы болады;
      экспорт квоталарын белгiлеу мен бөлу және экспортқа шығарылатын өнiмдерге лицензия беру жұмыстарына қатысады;
      агроөнеркәсiп кешенi жүйесiндегi кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметiн үйлестiредi;
      Министрлiкке жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қажеттi есептiк деректердi статистика органдарынан, сондай-ақ Қазақ ССР статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен келiсiлген тәртiппен тиiстi министрлiктер мен ведомстволардан алады;
      агроөнеркәсiп кешенiнiң арнайы валюта қорын қалыптастыру мен пайдалануға қатысады;
      Министрлiк жүйесiнде заң актiлерiнiң орындалуын бақылауды ұйымдастырады, оларды жетiлдiру жөнiнде белгiленген тәртiппен Қазақ ССР Министрлер Кабинетiне ұсыныстар әзiрлеп, енгiзедi;
      Министрлiк жүйесiнде мобилизация және азаматтық қорғаныс жұмыстарын қамтамасыз етедi;
      функциялық мiндеттерiн орындауы үшiн Министрлiктiң жұмысшы аппаратын өндiрiстiк-шаруашылық және әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етудi ұйымдастырады.
      6. Министрлiктi министр басқарады, оны Қазақ ССР Конституциясына сәйкес Қазақ ССР Жоғары Советi бекiтедi.
      Министрдiң Қазақ ССР Министрлер Кабинетi тағайындайтын орынбасарлары болады. Министрдiң орынбасарлары арасында мiндет бөлудi Министр жүргiзедi.
      7. Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрi Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыру үшiн дербес жауап бередi, Министрдiң орынбасарларының және министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының Министрлiк қызметiнiң жекелеген салаларына басшылық, сондай-ақ қарамағындағы кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, мекемелер мен ұйымдардың жұмысы үшiн жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi.
      8. Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi өз құзыры шегiнде Министрлiк жүйесiне кiретiн барлық кәсiпорындар, бiрлестiктер, ұйымдар мен мекемелер орындауға мiндеттi бұйрықтар, нұсқаулар шығарып, тапсырмалар бередi.
      Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi қажет болған жағдайда республиканың басқа министрлiктерiмен, ведомстволарымен бiрлескен бұйрықтар мен нұсқаулар шығарады.
      9. Министрлiкте құрамына Министр (коллегия төрағасы) және Министрдiң лауазым бойынша орынбасарлары, сондай-ақ Министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi кiретiн коллегия құрылады Министрлiктiң коллегия мүшелерiн Қазақ ССР Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Министрлiк коллегиясы өзiнiң ұдайы өткiзiлiп тұратын мәжiлiстерiнде экономикалық қатынастарды қайта құру, ауыл шаруашылық өндiрiсiмен ұқсатушы салаларды дамыту, жұмыс стилi мен әдiстерiн ұйымдастыру, кадрларды iрiктеу, орналастыру мәселелерiн, Министрлiктiң қызметiне жататын басқа да мәселелердi қарайды.
      Министр мен коллегия арасында келiспеушiлiк болған жағдайда Министр пайда болған келiспеушiлiк жайында Қазақ ССР Министрлер Кабинетiне баяндай отырып, өз шешiмiн жүзеге асыра бередi, ал коллегия мүшелерi өз кезегiнде пiкiрiн республика Министрлер Кабинетiне хабарлай алады.
      10. Министрлiктiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң санын, оны ұстауға жұмсалатын шығынды Қазақ ССР Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Министрлiктiң орталық аппаратының құрылымын Министр бекiтедi.
      Министрлiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiн Министр шаруашылық есепке көшiруi мүмкiн.
      11. Министрлiк құрамында кәсiпорындар, бiрлестiктер, концерндер, кооперативтер, колхоздар, шаруа қожалықтары және жалгерлiк коллективтер арасындағы шаруашылық дауларын шешу үшiн арбитраж болады.
      12. Министрлiктiң Қазақ ССР Мемлекеттiк герб бейнеленген, өзiнiң атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады