Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 96 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 16 сәуірде № 6515-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Созақ ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ ауданының әкімі М. Турысбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
Созақ аудандық
мәслихаты

  Түркістан облысы Созақ ауданы
әкімінің 2024 жылғы 15
сәуірдегі
№ 96 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

      1) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;

      3) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      6) аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      7) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      8) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      9) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      10) медициналық мейіргердің;

      11) емдік денешынықтыру жөніндегі маман;

      12) әдіскер.

2. Мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

      1) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);

      2) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директоры) орынбасары;

      3) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлімінің басшысы;

      4) режиссер;

      5) вокал;

      6) бағдарламашы;

      7) дыбыс режиссері;

      8) дыбыс операторы;

      9) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      10) аккомпаниатор;

      11) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      12) музыкалық жетекші;

      13) ұжым (үйірме) басшысы;

      14) барлық атаудағы менеджер;

      15) барлық атаудағы суретші (негізгі қызметтер);

      16) кітапханашы;

      17) әкімші;

      18) библиограф;

      19) барлық мамандық мұғалімдері;

      20) суретші.

3. Спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі:

      1) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры);

      2) мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директоры) орынбасары;

      3) әдістеме;

      4) жаттықтырушы-оқытушы;

      5) жаттықтырушы;

      6) (мамандандырылған) медициналық бике/аға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады